Колледж Архитектуры и Строительства
логотип колледжа КазГАСА
логотип колледжа КазГАСА

“Елбасы медалі”

06/04/2021

“Елбасы медалі” - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Бұл бағдарламаға “Сәулет және құрылыс” колледжінің КАрх-20-1* тобының студенті Кенжебек Айсұлу қатысып,  қола медальмен марапатталды. Айсұлу өзін байсалды және жауапты студент ретінде көрсете білді, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, топтың старостасы болып табылады. Айсұлу сурет салуды, спортпен шұғылдануды, қолданбалы өнерді ұнатады, сонымен суретке түсіруді және тамақ дайындауды жақсы көреді.Ол  волейболмен үшінші жыл кәсіби түрде айналысып келеді. Айсұлу облыстық, республикалық, аудандық жарыстарға белсене қатысады. Көптеген халықаралық, Қазақстандық, Интернет Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. "Сіз неге осы жобаға қатысуға шешім қабылдадыңыз?" деген сұраққа, Айсұлу бұл жоба ол үшін өзін-өзі дамытудың жаңа кезеңі болғандығын айтты. Қазіргі уақытта Айсұлу шығармашылықпен айналысуды жалғастыруда.